Жаңалықтар

Аудандық білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының 7 қарашада ата-аналар қауымдастығы алдында қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізілді

Аудандық білім беру ұйымдарында 2018-2019 оқу жылының 7 қарашада ата-аналар қауымдастығы алдында қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізілді. Қоғамдық тыңдаулардың мақсаты: Өскелең ұрпақтың азаматтығын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда ата-аналардың рөлін жандандыру. Мектептерде қамқоршылық кеңестерінің жұмыс талдауы. 
Ауданға ата-аналар қауымдастығы алдында қоғамдық тыңдауларды өткізуге арнайы Қарағанды облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің өкілдері шақырылды. Аудандық білім беру бөлімінің ресми сайтында roo-nura.kz және https://www.facebook.com/ әлеуметтік желі арқылы қоғамдық тыңдаулар бойынша хабарлама жарияланды.
Аталған жиналысқа толығымен 32 аудандық білім беру ұйымдарының басшылары, 26 тәрбие ісі және 26 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, 10 қамқоршылық және ата-аналардың кеңестерінің төрағалары қатысты. Осы жиналысқа ауданның 9 мектебі он-лайн түрінде қосылды. Қойылған және талқыланған сұрақтар мен мәселелер жауаптарын тапты. Барлық қажетті ақпарат аудан мектептерінің басшыларына толық таратылды.

фото
фото
фото
фото
фото
фото
фото
фото


Кері қайту