Жаңалықтар

"Мектепке жол" акциясы туралы

Аудандық білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өтетін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өткізілуде.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету.
Халықты кеңінен ақпараттандыру, сондай-ақ акцияға ықтимал демеушілерді тарту үшін 2018 жылғы 1 тамызда ауыл әкімшіліктерімен бірлесіп республикалық акцияның басталуы туралы жиналыстар өткізілді.
Акцияны өткізу бойынша аудандық іс-шаралар жоспары әзірленіп, білім беру бөлімінен және әр қайсы мектептен жауапты мамандар бекітіліп, елді мекендерде «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы бойынша қоғамдық орындарда жарнама плакаттарын орнату және халықты ақцияға қатысуға жадынамалар таратылды.
Акция өткізу барысында 1 тамыздан 30 тамызға дейін мектепке дайындау кезінде қолдауға мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 254 балаларға көмек көрсетілді.
Нұра кентінің орталығында 2018 жылғы 10, 17, 24 тамызда арзан бағалармен кеңсе тауарлары мен мектеп оқушыларына киім-кешектері сату жәрмеңкесі өткізілді.
Дәлелсіз себептер бойынша мектепке бармай жүрген балаларды анықтау мақсатында «Жұмыстылық», «Түнгі қаладағы (ауылдағы) балалар» апта сайынғы 32 рейдтерге 198 адам қатысты.
«Мектепке жол» акциясы бойынша Нұра кентінің «Еуразия» дүкенінде 2018 жылдың 23 тамыздан бастап аудандық мектептерінің оқушыларына арналған Қарағанды қаласының «Біздің форма» ЖШС-нің мектеп формасы сатылатын пункті ашылды.
«Мектепке жол» акциясын іске асыру бойынша 2018 жылдың 28 тамызда Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен «Әлеуметтік сақшы» ерікті бастамасының және «Мерей» қоғамдық қорының өкілдерімен «Мейірімді істер апталығы» ұйымдастырылды. Осы, іс шарада 20 аз қамтылған, көп балалы отбасыларға мектепке арналған киім-кешектер таратылды. Аталған апталықтың өткізілуі 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Аудан бойынша жедел жауап беру үшін қызу желілер, 21898 сенім телефоны жұмыс істейді.
Аудандық мемлекеттік ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдары, меценаттар, демеушілер, кәсіпкерлер жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына қатысытып, аз қамтылған отбасылардың шыққан оқушыларға көп көмек көрсетті. Олар мектеп сөмкелер, мектеп формалары мен спорт киім-кешектерін, кеңсе керек-жарақтарын алып, оқушыларға сыйлық ретінде тапсырылды.
Аудандық білім беру бөлімі атынан «Мектепке жол» акциясы шеңберінде қайырымдылық демеу көрсеткен барлық ұжымдарға алғысымызды білдіреміз.
Нұра ауданының білім беру бөлімі

фото
фото


Кері қайту