Жаңалықтар

Тарих пәнінің мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы

2018 жылдың 27 тамызында Киевка №1 ЖОББ мектебінде Нұра ауданының тарих пәнінің мұғалімдерінің тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы өтті.
Тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырыстарының негізгі қарастырған мәселесі білім беру мазмұнын жаңартуды жүзеге асыру жағдайында мұғалімге әдістемелік қолдау көрсету болды.
Аудандық жоспар бойынша № 4 секция қоғамдық пәндерге арналды. Оған қоғамдық пәндерге жетекшілік ететін білім бөлімінің әдіскері, әдістемелік бірлестік жетекшілері және тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Секцияға жиналған мұғалімдерді келесі Тірек мектебінің (РО) Киевка №3 ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Рысжанов Б.Н. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеяларын оқу процесінде жүзеге асыру» атты баяндамасымен, А.Асылбеков ат. ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Баймаханова Д.М. «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі және үш тұғырлы тілді дамытудың жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы баяндасымен таныстырды.
Р.Асубаев атындағы ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Тулеубаева Г.О. «Білім беру ұйымдарында «Өлкетану» біріктірілген бағдарламасын жүзеге асыру» бойынша шеберлік сынып, К.Мынбаев ат. ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі –Байталякова А.Б. "Жаңартылған білім беру мазмұның іске асыру жағдайында тарих мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін арттыру формалары мен әдістері» тренинг, Асылбеков ат.ЖОББМ тарих пәнінің мұғалімі Рахимберлина А.Ж. «Қазақстан тарихы сабақтарында критериалды бағалау бойынша жиынтық бағалаудың түйінді ерекшеліктер 5-7 сыныптарда» шеберлік сынып өткізді. Тренингтің мақсаты – ЖБМ аясында орта мектептің оқу үдерісінде типтік оқу бағдарламасындағы өзгерістердің сипаты мен рөлін анықтау. Шеберлік сабағының мақсаты – тарих пәні бойынша жаңартылған бағдарлама аясында оқу үдерісін жүзеге асыру және сабақты жоспарлауда мұғалімдерге көмек көрсету.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында арнайы шақырылған Қарағанды қаласының қоғам бірлестігінің «Теріс ағымдардан зиянды болғандарға көмек берудің орталығы «Нұрлы білім» дінтанушы, теолог С.Момынжанов тарих пәнінің мұғалімдерімен «Нұра ауданының білім беру ұйымдарында діни экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу жолдары» атты тақырыпқа кездесу өткізді.
Секция қорытындысын рефлексия арқылы Білім беру бөлімінің әдіскері Ахметова Г.С. және Байтуған ЖОББ мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Толеуова Ж.М. мұғалімдермен жүргізді. Барлық қатысушылардың қызығушылығын оятып, олар талқылауға атсалысты. Көкейкесті сұрақтары ортаға салынып, орта білім беру мазмұнын жаңартудағы ерекшеліктер, критериалды бағалау жүйесі және орта мектепте білім беру мәселелері талқыланды.


Кері қайту