Жаңалықтар

Тамыз педагогикалық кеңесінің секция отырысы

2018 жылдың  27 тамызында  Киевка  № 1  жалпы орта білім беретін мектебінде тамыз педагогикалық кеңесінің мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің  секция отырысының  жұмысы жүргізілді. Секцияға мектепке дейінгі шағын орталықтар, бөбек жайлар тәрбиешілері мен мектеп алды даярлық топтарының мұғалімдері шақырылды.  Барлық қатысқан педагогтар саны -35.

Конференцияның жұмысы білім беру бөлімінің әдіскері Сандуғаш Енбековна Блялованың құттытау сөзімен ашылды.  Секция жұмысын  жүргізуге белсене қатысқан 7 педагог баяндама, презентация, сынып шебері арқылы өз тәжрибелерімен  бөлісті олар: Асубаев атындағы ЖОББМ шағын орталық тәрбиешісі Жакенова Жанар Жансериковна «Ұйымдастырылған  оқу қызметінде М.Монтессори технологияларын қолдану ерекшеліктері»  тақырыбында  шебер сынып; Майкотова Жанеля Муратовна - К.Шайменов ат.ЖОББМ  шағын орталық тәрбиешісі «Роль работников дошкольного образования по формированию сенсорного воспитания детей»  шебер сынып; Бахиева Сауле Қалаубаевна-КМҚК «Балбөбек» бөбекжайының  тәрбиешісі    «ТРИЗ- технологиясы мектепке дейінгі балалардың шығармашылық    әлеуеті мен коммуникативтік қабілеттерін дамыту құралы ретінде»  шебер сынып; Мадиярова Мауле Айтпаевна  Щербаков  ЖОББМ мектеп алды даярлық сынып мұғалімі баяндама презентация; Ермекова Нургуль Сеиловна – Д.Шалабеков атындағы НОМ мектеп алды даярлық тобының мұғалімі «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының пәндік-дамытушы ортаның жағдайы. Оны жетілдіру жолдары» баяндама; Ковеза Тамара Степановна- Индустриальной ЖОББМ мектеп алды даярлық тобының мұғалімі «Интерактивно-инновационные технологий обучения дошкольников» шебер сынып.

Конференция барысында  мұғалімдер өз ойларымен бөлісіп, пікір айтылды.

 

фото


Кері қайту