Хабарландыру

14.07.2016

«Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ 2016 жылы «26» шілде күні сағат 11.00 www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалалық коммуналдық меншік нысанын сату бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.


Сауда-саттық өткізу туралы хабарлама

 

«Балқаш қаласы экономика және қаржы бөлімі» ММ  2016 жылы  «26» шілде   күні сағат 11.00 www.gosreestr.kz мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалалық коммуналдық меншік нысанын сату бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.

Коммуналдық меншік нысандарын сату Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09 тамыз 2011 жылғы №920 (бұдан әрі – Ережелер) қаулысымен бекітілген жекешелендіру нысандарын сату Ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Тендерге мынандай коммуналдық меншік нысаны  қойылады:

 

 1969 жылы салынған мүліктік кешен, ауданы 1628,0 шаршы метр, Балқаш қ., Шашубай Қошқарбаев шағын ауданы 29 үй мекенжайында орналасқан  жүзу бассейні ғимараты, теңгерім ұстаушысы – «Дене шынықтыру – сауықтыру кешені» КМҚК, алғашқы бағасы - 14 988 000 теңге, бастапқы бағасы -  14 988 000 теңге,  кепілдік жарна мөлшері –2 248 200 теңге.

 Тендердің шарттары

1.Мақсатты пайдалану:қызмет көрсету мақсатында жүзу бассейнін жұмыс істету.

2. 2017 жылдың 1 тамызына дейінгі мерзімде жүзу бассейнін қайта жаңғырту және пайдалануға беру.

3. Функционалды мақсатын келесі жобалардың талаптарына  сәйкес сақтау:

 

Мақсаты бойынша жіктеу:

Аралас (құрамдастырылған) бассейн.

 

Пайдалану сипаты бойынша жіктеу:

•Искусственный (құйылмалы) бассейн.

 

Жабдықтары бойынша жіктеу:

•Жабық бассейн – ғимарат.

 

Өлшемі бойынша жіктеу:

•Бассейннің ұзындығы 25х14м.тереңдігі 6 метрге дейін.

 

Ваннаның материалы бойынша жіктеу:

•Бетон.

 

4.Инвестициялық жумсалым:

      - 1 (бір) жыл мерзім ішінде бассейннің  жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      -архитектуралық-құрылыс талаптарына сәйкес, ғимараттың жөндеу-жаңарту жұмыстарын жүргізу;

     -жақын маңайды абаттандыру және көгалдандыру.

 

5.Суды беруде және алуда скиммерный тәсілмен жіктеу.

6.Жаңадан жұмыс орындарын ашу.

7.Мәмлелер жасасуға (қайта сатуға, кепілдікке, басқаруға беруге және басқа)және/немесе объектіге қатысты айқындалған іс-қимылдарға тыйым салуға.

 

Сауда – саттыққа қатысушыларды тіркеу: хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.

Кепілдік жарнаны төлеу деректемелері: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ есебіне БСН 050540004455 ЖСК KZ529261501102032004, БСК KZKOKZKX,  Банка аталуы «Казкоммерцбанк» АҚ,  ТТК:171,  БеК: 16.

Кепілдік жарнаны қатысушы не қатысушының атынан кез келген жеке немесе заңды тұлға енгізеді.

 

Тендерге қатысу үшін мыналарды көрсете отырып, Тізілім веб-порталында алдын ала тіркелу қажет:

1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail);

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.

 

Тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін қатысушының ЭЦҚ-сы қойылған тендерге қатысуға өтінімді Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.

Тендерге қатысушылар:

1) тендерге қатысушы қол қойған, тізілімнің арнайы бөлінген веб-парақшасында электрондық конвертке жүктелетін баға ұсынысының;
2) сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың электрондық (сканерленген) көшірмелерін қоса бере отырып, сауда-саттық шартымен келісуді қамтитын өтінімді тіркейді.

Тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілім  веб-порталында үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілдік жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілім дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізіледі. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болған жағдайда, тізілім веб-порталында өтінімді қабылдау және қатысушыны тендерге жіберу жүзеге асырылады. Тізілім дерекқорында сатушының шотына кепілдік жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталында қатысушының өтінімі кері қайтарылады.

Қатысушының айтылған талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.

 

Тендерді өткізу тәртібі:

Егер тендерге немесе жабық тендерге тiркелген қатысушылардың саны екеуден аз болса, онда тендер өтпеген деп жарияланады. Сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастырылатын тендердің өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Тендерге қатысуға өтінімдерді ашу сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген күн мен уақыт келгенде тізілімнің веб-порталы арқылы автоматты түрде жүргізіледі.

Тендерге қатысуға өтінімдерді сатып алушы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген объектіге қатысушыларға (сатып алушыға) қойылатын қосымша талаптарға сәйкес келетін қатысушыларды айқындау мақсатында тізілімнің веб-порталында қарайды.

Жекешелендiру объектiсi үшiн ең жоғары бағаны ұсынған қатысушы жеңiмпаз деп танылады. Егер тендерде екi және одан көп қатысушының ұсынысы бірдей ең жоғары бағаны қамтитын болса, онда осы қатысушылардың арасында қатысушылардың басқа өтінімдерінен өтінімі бұрын қабылданған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Тендер жеңімпазы сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы сауда-саттық нәтижелері туралы хабардар етіледі.Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады, оған сауда-саттық өткізілетін күні сатушы мен тендердің жеңімпазы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды.

 

Сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттама тендердің нәтижелерi мен жеңiмпаздың және сатушының тендер нәтижесi болып табылатын шарттармен жекешелендiру объектiсiн сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін тiркейтiн құжат болып табылады. Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уалиханова көшесі, 3 үй, 301/3 кабинет мекен-жайында жеңімпазбен сатып алу-сату шартына сауда-саттық нәтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде қол қойылады.

Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамаға не сатып алу-сату шартына көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы ЭЦҚ пайдалана отырып, тізілімнің веб-порталында сауда-саттық нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды.

 

Тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстыру ұшін мынадай құжаттардың:

1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;

заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың;

2) заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқаларын міндетті түрде көрсете отырып, олардың көшірмелерін не нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынады.

Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.

Тендердің жеңімпазы сатушыға сонымен бірге сатып алу-сату шартына қол қойған кезде өтінімге қоса берілген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариат куәландырған көшiрмелерін ұсынады.

Құжаттардың түпнұсқалары салыстырғаннан кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.

 

Тендер өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтынан және 8 (71036) 4-85-91, 4-38-63 телефондары арқылы алуға болады.

 

 



Кері қайту