Хабарландыру

30.12.2016

Қала әкімінің Жаңа 2017 жылмен құттықтау сөзі


Қымбатты балқаштықтар!
  Сіздерді шын жүректен босағадан аттап келе Жаңа жылмен құттықтаймыз!
Ескі жылды шығарып сала отырып, өткен жылда еліміз үшін, оның әлеуметтік-экономикалық, саяси дамуында үлкен жетістіктерге бірге қол жеткізгенімізді айта келе, сіздерге жарқын көңілмен алғысымызды білдіреміз.
  Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында бейбітшілік және бірлік, қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізудеміз. Өткен жылы біз тарихы тереңде жатқан тамырлы халық екенімізді әлемге әйгіледік.
  Біз үшін көптеген жұмыстар атқарылып, қала болашағына зор үлес қосқан жыл болды: экономикамыз дамып, тұрғындарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Тек қана бірлік, болашаққа деген сенім мен ынта-жігер ғана табыстарға қол жеткізбек. Оған жету үшін біздің тарихи мұрамыз – орасан ресурстарымыз, береке-бірлігіміз, еңбексүйгіштік және халқымыздың өршіл рухы бар.
  Қадам басып келе жатқан Жаңа жылымызға, міне санаулы уақыттар қалды.
Жаңа жылда ең ардақты армандарымыз орындалсын!
  Сіздерге мол табыс, денсаулық, бақыт және амандық тілейміз! Тәуелсіз Қазақстанның туы мақтанышпен желбірей берсін!
  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

А.АГЛИУЛИН,
Балқаш қаласының әкімі.
 



Кері қайту