Хабарландыру

09.11.2016

Жәрмеңке туралы АҚПАРАТ


Қарағанды облысының әкімі бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес 2016 жылдың   5-қарашасында  Балқаш қаласында  «Ауыл Береке-2016» ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеге Ақтоғай ауданының  9 селолық округтерінің шаруа қожалықтары қатысты.
Сол күні шаруа қожалықтары қала тұрғынарына  12,7 тонна ет, 0,6 тонна сүт өнімдері мен 1 тонна балық сатты.
Сонымен  қатар, жәрмеңкеге қала кәсіпорындары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер          «Балқаш Мерей», «Балқашсүт», «Маслодел», «Султи Тура» , жеке кәсіпкерлер Жақсыбаев, Хван, Нұрмағанбетова, Айдаров, Ким, Стамкулов, Курбанов,Тлеубекова, Хорхошев, Сабанбаев т.б. кәсіпкерлер қатысып, нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен 7,8 тонна бакалея, сүт өнімдері, 16200 дана жұмыртқа, 32,8 тонна жеміс-көкөніс өнімдерін сатты.

«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл
шаруашылығы бөлімі»
 



Кері қайту