Хабарландыру

03.10.2016

Қала күнінде өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат


           Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Қала күнін атап өту барысында Жамбыл, Шымкент,Қарағанды  облыстарының тауар өндірушілері мен көтерме сауда жеткізушілердің қатысуымен Жасыл Керуен ұйымдастырылды. 1,5 тонна картоп, 1,1 тонна қырыққабат, 0,5 тонна сәбіз,   0,8 тонна жуа, 0,5 тонна болгар бұрышы және 2 тоннадай басқа да көкөніс түрлері, барлығы 1,2 млн. теңгеге сауда- саттық жасалды.
          Бұдан басқа, өз телімдерінде өсіріп шығарған көкөністерді өткізуші саяжай иелерінің еңбегін насихаттау мақсатында «Балқаш күзінің ырысы» конкурсы өткізіліп, оған «ПБС-1» (төрағасы Иманишвили Давид Семенович),    «Арман»  (төрайымы Абдрахманова Алтын Сериковна) саяжайлар қоғамдарының мүшелері қатысты.
Конкурс жеңімпаздары келесі белгілер бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Гран при – Молодых Светлана Анатольевна - Балқаш өңірінде өсіріп шығарылған «Табиғат таңғажайыптары»- ерекше өсімдіктер, Конституцияның 25 жылдығы мен Қала күніне арналған композициялар;
1-ші орын - Абдрахманова Алтын Сериковна -  қатысушының киімі мереке тақырыбына сай, көкөністерден «Жүзім шыбығы» композициясы, көкөніс пен бау-бақша өнімдерінің ерекше түрлері;
2-ші орын – «ПБС-1» саяжай қоғамы – жайманы ерекше безендіру, көкөнітерден композициалар жасау;
3-ші орын – Мотченко Тамара Степановна - жайманы ерекше безендіру.
Барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.Басқа да қатысушыларға жұбаныш сыйлықтары берілді.

«Балқаш қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ
Тел.60361,45257
 



Кері қайту